Үздік бастауыш сынып мұғалімі

«Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық байқауының аудандық кезеңі 21 қазан күні «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ базасында өтті.
Байқауға бастауыш сыныптардан 17 педагог қатысты. Қатысушылар өздерінің шығармашылық жобаларын — инновациялық әдістемелерді, оқу құралдарын, өзіндік зерттеу жұмыстарын және тиімді оқыту тәсілдерін ұсынды.
Біздің мектеп атынан байқауда Валентина Анатольевна Вельц Мавриди өнер көрсетіп, ұжым абыройын асқақтатты және құрметті II орынды жеңіп алды.
Валентина Анатольевнаны осы жоғары нәтижесімен құттықтаймыз және алдағы уақытта одан әрі табыстар, шабыт пен кәсіби жетістіктер тілейміз!


Scroll to Top