«Мектеп — мейірімділік аралы» сынып сағатында 2 «А» сынып оқушылары мейірімділіктің не екенін талқылады , кластерді түймедақ түрінде және үй түрінде бейнеледі, онда олар ең құнды қасиеттерді таңдады. Сонымен қатар жақсылық туралы мақал-мәтелдермен жұмыс істеп мағынасын түсіндіре кетті. Топтарда жұмыс істей отырып, оқушылар күнделікті өмірде қандай игі істер жасай алатынын естеріне алды. Сондай-ақ жазғы демалыс туралы өз әсерлерімен бөлісті.