



Жаңа жыл қарсаңында 1 А сынып оқушылары өздерінің алғашқы оқулығы – Әліппемен салтанатты түрде қоштасты!
Жарты жылдың ішінде балалар әріпті танып, оқып, жазуды үйренді. Әр бет – білімге қадам, әр сөз – үлкен жетістік!
Алда – жаңа кітаптар, қызықты сабақтар мен жаңалықтарға толы күндер.
Ал Әліппе біз үшін әрдайым ең алғашқы мектеп ертегісі болып қалады!
