13 және 14 ақпанда «Алтай қаласының №1 бастауыш мектебі» КММ-де болашақ бірінші сынып оқушылары үшін ашық есік күні өтті. «Қарлығаш» және «Катюша» балабақшаларынан келген балалар математика, әліппе, музыка, дене шынықтыру және робототехника сияқты әртүрлі сабақтарға қуана қатысты. Кішкентай қонақтар үлкен қызығушылық танытып, сабақтарға белсенді қатысып, жаңа білім мен дағдыларды зор ықыласпен меңгерді. Бұл күн жылы және достық атмосферада өтіп, балаларда жарқын әсер қалдырып, мектепке қайта оралуға деген ұмтылыс пайда болды





