О школе

АНЫҚТАМА
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 1 бастауыш мектебі» КММ
Сипаттама
Зырян қалалық халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің 1991 жылғы 28 ақпандағы №114 шешімімен 1991 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бұрынғы М.Горький атындағы мектептің ғимаратында (1954 жылы салынған) №1 бастауыш мектебі ашылды.
Қазіргі уақытта мектеп атауы: Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 1 бастауыш мектебі» КММ, Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 31.12.2020 ж. №495 қаулысы.
Мектеп мына мекенжайда орналасқан: Алтай қаласы, Бурнашов бульвары, 1.
Бастапқы мемлекеттік тіркеу күні: 01.12.2000 ж.
ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының № 1 бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарғысы «Шығыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» ММ 22.10.2021 ж. № 543/ш бұйрығымен бекітілген.
Негізгі қызмет түрі: білім беру
2019 жылғы 10 маусымдағы № KZ40LAA00016262 мемлекеттік лицензиясы.
Жобалық қуаты: 252 орын.
Директор: Короткова Наталья Александровна, 1975 жылы туған, білімі жоғары педагогикалық, білім беру ұйымы басшысының екінші біліктілік санаты.
Директордың ТІ жөніндегі орынбасары: Пузина Наталья Владимировна, 1972 жылы туған, білімі жоғары педагогикалық, білім беру ұйымы басшысының орынбасарының үшінші біліктілік санаты.
Директордың ОІ жөніндегі орынбасары: Горбачева Роза Гафаровна, 1974 жылы туған, білімі жоғары педагогикалық, білім беру ұйымы басшысының орынбасарының үшінші біліктілік санаты.
