«Алтай қаласының №1 бастауыш мектебі» КММ-де оқушылар ювеналды полиция тобының аға инспекторы, майор Марина Александровна Актановамен ; кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор Крик Қадылбекұлы Асылбековпен; балалық шақты қорғау жөніндегі әдіскер Маргарита Сергеевна Матвеевамен және учаскелік инспектор Ильнара Хасановна Гороховамен кездесті. Олар балаларға үйде, жолда, көшеде, сондай-ақ өзендер мен су айдындарында қауіпсіз жүріп-тұру ережелерін түсіндірді.